{"blocks":[{"key":"d8pst","text":"Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер А.Сапаров \"Nur Otan\" партиясының Сайлауалды бағдарламасын тікелей эфирде өткізіп, оның ішінде дамудың жеті басымдықтарының бірі - қауіпсіз аймақ тақырыбына шолу жасады.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"8dgri","text":"Түлкібас ауданы – барлық тұрғындар өздерін қауіпсіз сезінетін аймақ.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"8hnmc","text":"«Nur Otan» партиясының міндеті – ауданды өмір сүруге ыңғайлы етіп қана қоймай, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар қоғамдық орындарда және көшелерде жасалатын қылмыстардың алдын алу.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"5flrg","text":"Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"9ob6a","text":" «Қауіпсіз қала», «Түнгі қала», «Көше», «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік», «Балалар түнгі қалада», «Жасөспірім», «Тұрмыс», «Браконьер», «Барымташы», «Автобус», «Құқықтық тәртіп» профилактикалық шараларын өткізуге;","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"1dnrd","text":" Түлкібас ауданының орталығы Т.Рысқұлов ауылына 16 бейнебақылау камераларын (бүгінгі таңда 2 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді) орнатуға;","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"covdk","text":" 2021 жылы 4 ауылдық округте (Майлыкент, Мичурин, Түлкібас, Састөбе), 2022 жылы 5 ауылдық округте (Шақпақ, Жабағылы, Жаскешу, Машат, Ақбиік), 2023 жылы 3 ауылдық округте (Кемербастау, Рысқұлов, Келтемашат) жарықтандыру жүйелерін толықтай жарық диодты шамдармен алмастырып, жарықтандыру жүйелерін орнатуға;","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"5dvrj","text":" 2021 жылы Кершетас ауылында 10,1 шақырымдық 135 дана, Түлкібас кентінде 4,78 шақырымдық 149 дана бағаналарды ауыстырып, 7 елді мекенге (Қызылту, Кершетас, Амангелды, Енбек, Көкбұлақ, Жабағылы, Түлкібас) жаңадан 7 дана трансформатор орнатуға;","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"20r85","text":" тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру жөнінде кешенді жұмыстар атқаруға;","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"40npe","text":" өңірде қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты қамтамасыз етуге;","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"5u5sm","text":" жергілікті жерлердегі құқық қорғау органдары мен атқарушы органдар, қоғамдық институттармен бірлесе отырып, осы бағыттағы іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілуін бақылауда ұстауға;","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"bc7a3","text":" ғылыми-сарапшы мамандарды тарта отырып, өңірдегі қоғамдық тұрақтылыққа кері әсер ететін факторларды анықтау, олардың алдын алу бойынша ұсыныстар мен негіздемелер әзірлеуге;","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"5cbuh","text":" тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру жөнінде кешенді жұмыстар атқаруға;","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"9le5n","text":" ішкі істер қызметкерлерін қазіргі заманауи құралдарымен жабдықтауға (7 автокөлік, 60 бейнетіркегіш, 25 GРS навигациялық жүйе, сондай-ақ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлері үшін 60 радиостанция);","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"6lfhs","text":" алдын алу шаралары және құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөніндегі шараларды жүйелі орындауға ықпал етеді.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"ajc4g","text":"Эир соңында сайлаушыларды дауыс беруге шақырды.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}}],"entityMap":{}}