Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КЕЗЕКТІ ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІМІН ТАПТЫ.

“Nur Otan” партиясы Маңғыстау облыстық филиалына Ақтау қаласының тұрғыны М. Науханов жұмыс орнынан «ҚазМұнайТеңіз» ТМК ЖШС ішкі ережелері бұзуына байланысты деп, 2021 жылдың 10-шы ақпанынан бастап «Боранқұл» кенорынына кіруге берілген рұқсатнаманың күшін жойып, ақысыз еңбек демалысына шығарғанына шағымданып, көмек сұраған болатын.

М.Науханов «Бозашы Транс Құрылыс» ЖШС-де 2019 жылдан «Боранқұл» кенорынында, тапсырыс беруші мекеме «ҚазМұнайТеңіз» ТМК ЖШС аумағында жоба меңгерушісі болып қызмет атқарады.

Қойылған кінә негізінде Бейнеу аудандық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулысында және «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС-не жазылған «Бозашы Транс Құрылыс» ЖШС-нің 2021 ж. 30 наурызындағы шығыс № 10/07/240 хатында еш кінәлі емес екендігі көрсетіліп, «Боранқұл» кенорынына кіріп-шығу үшін қайтадан рұқсатнама жасақтап беру туралы сұралған болатын.

Облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесіне екі тарап та да шақыртылып, ұсынылған құжаттар толық қарастырылды.

Аталған мәселе бойынша “Nur Otan” партиясы Маңғыстау облыстық филиалы оң шешімін тапты. Нәтижесінде ағымдағы жылдың 8-ші сәуірі күні сағат 10:00-де партия алаңында мекеме басшылары жіберген қателіктерін мойындап, «Заңгерлік көмек» партиялық жобасы бойынша татуластыру аясында бір шешімге келіп, «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС-нен № KQ -1313-21/303 хат жіберіліп рұқсатнама берілгенін хабарлады. Өтініш иесі өз ризашылығын білдірді.

0
0
233

Еще по теме

КЕЗЕКТІ ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІМІН ТАПТЫ. - Yvision.kz