КЕЗЕКТІ ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІМІН ТАПТЫ.
Арыз негізінде Ж.Муханов жалақысы мардымсыз болуына орай, тұрақты жұмысқа орналасуға көмек сұрады. Арыз иесінің әлеуметтік жағдайы төмен. Осыған дейін, сауда орталығында жүк тасушы қызметін атқарған.
Аталған мәселе бойынша “Nur Otan” партиясы Жаңаөзен қалалық филиалы оң шешімін тапты. Нәтижесінде Жаңаөзен қалалық мәслихат депутаты Болатбаева Тілектес Аманқосқызы өтініш иесін Жаңаөзен политехникалық колледжіне бағбан қызметіне тұрақты түрде орналастырды. Өтініш иесі өз ризашылығын білдірді.
