КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
Бүгін, Күршім аудандық полиция бөлімінің бастығы Манапов Серік Тоқтарханұлы санитарлық талаптарды сақтай отырып, азаматтарды жеке мәселелері бойынша Марқакөл ауылында көшпелі қабылдау жүргізді. Қабылдауға келген ауыл тұрғындарының көтерген мәселелері бойынша заң аясында түсінік беріліп, оң шешілуіне ықпал жасалатындығы жеткізілді.
