КЕЗЕКТІ «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
2020 жылдың 7 ақпан күні «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобасы аясында «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында кезекті «Халық заңгері» акциясы өткізілді.
Аталған акцияның негізгі мақсаты кез келген құқықтық мәселе бойынша халықтың білікті тегін заң көмегін алу болып табылады.
Акция барысында өңірдің 14 тұрғынына мемлекеттік органдардың өкілдері және тәжірибелі заңгерлермен білім саласының құқықтық мәселелері бойынша тегін білікті заң көмегі көрсетілді.
Аталған акция ай сайын әр сала бойынша тұрақты түрде өткізілетін болады.
