КЕЗЕКТІ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ
Акция аясында партиялық тізімдегі облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Парияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген шағын жіне орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша арнайы барып түсіндіріп, аймақтағы сайлаушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Шағын және орта бизнесті дамыту – өңір экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады. Сондықтан, әлем үшін қиындық туындатқан COVID-19 –тың келтірген залалдары аталмыш сала мамандарына оңай соқпағаны анық. Міне осындай қиын-қыстау уақытта партия және партия белсенділері барынша демеу болып келеді. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар тоқтамайды.
Сайлаушыларға осылай деп партияның басты мақсатын жеткізіп, алдағы науқанда белсенділік танытуға шақырды.
«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.
