кезектен тыс XXXІ конференциясы
Бүгін «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының кезектен тыс XXXІ конференциясы онлайн форматында zoom бағдарламасы арқылы өтті. Конференцияның жұмысына «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Нұршинов Кенесары Бекболатұлы, аудан әкімі Сүйеуғалиев Қадыржан Орынбасарұлы және конференцияға сайланған делегаттар қатысты. Конференция отырысына «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Н.Меңдешов төрағалық етті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды.
1. «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының төрағасын сайлау туралы.
2. «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының Саяси Кеңес және Саяси кеңес Бюросы құрамына өзгерістер енгізу туралы.
Конференцияда күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қаралып, делегаттардың дауыс беруі арқылы «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының төрағасы болып Сүйеуғалиев Қадыржан Орынбасарұлы сайланды. Және де Зейнуллин Абат Кәрімұлын «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының Саяси Кеңес және Саяси кеңес Бюросының құрамына енгізді.
