Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КЕЗЕКТЕН ТЫС V КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Оны аудандық "Jas Otan" жастар қанатының төрағасы Асел Баймаханова ашып, жүргізді.Делегаттардың дауыс беруімен конференция ашық деп жарияланып, Мемлекеттік Әнұран орындалды.Конференцияның күн тәртібінде төмендегі мәселелер ұсынылды:1. "Nur Otan" партиясының Ордабасы ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламасын таныстыру;2. "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалы "Jas Otan" жастар қанатының кезектен тыс III конференциясына делегаттарды сайлау туралы.Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мандат комиссиясының төрағасы Алмасхан Жунисов хабарлама жасады. Қызыл түсті мандатты көтеру арқылы делегаттардың өкілеттігі расталып, бекітілді.Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Түркістан облыстық филиалы "Jas Otan" жастар қанатының кезектен тыс III конференциясына ауданнан сайланған делегаттар тізімі жөнінде хабарлама жасау үшін аудандық ішкі саясат бөлімі "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің "Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу" секторының меңгерушісі Нұрсұлтан Көшбаев Оразұлына сөз берілді. Бірауыздан делегаттар тізімі бекітілді."Jas Otan" жастар қанатының аудан бойынша төрағасы А.Баймаханова барлық делегатты сайлауға белсенділікпен қатысуға шақырып, конференцияны аяқтады.

Еще по теме

КЕЗЕКТЕН ТЫС V КОНФЕРЕНЦИЯСЫ - Yvision.kz