Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ

2 сәуір күні Казталов аудандық мәслихатының VII шақырылымындағы кезектен тыс 4 сессиясы өтті.

Кезектен тыс сессияға, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, салалық мекеме басшылары, округ әкімдері санитарлық нормаларды сақтай отырып, онлайн түрде "Zoom" арқылы қатысты.

Сессияның күн тәртібінде Казталов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы №57-2 "2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанболат Темірғалиев хабарлама жасады.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық мәслихат депутаттары тұрақты бюджеттік комиссия отырысында танысып, талқылаған болатын.

Күн тәртібіндегі көтерілген мәселеге қатысты тиісті шешім қабылдап, депутаттар дауыс берді.

0
0
106

Еще по теме

КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ - Yvision.kz