КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ.
«AMANAT» партиясы жарғысына сай, онлайн форматында партияның Жәнібек аудандық филиалының кезектен тыс ХХXVІІІ конференциясы өтті. Конференция жұмысына « AMANAT» партиясының аудандық Саяси кеңесінің мүшелері, мекеме-ұйым басшылары, бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылған делегаттар, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе «AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының Саяси Кеңесінің құрамына өзгеріс енгізу туралы. Конференцияда күн тәртібіндегі мәселе толығымен қаралып, тиісті қаулы қабылданды.

