КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Бүгін 2021 жылдың 02 шілде күні «Nur Otan» партиясы Жаңақала аудандық филиалының кезектен тыс ХХVII сайлау конференциясы онлайн форматында өтті.
Конференция жұмысына «Nur Otan» партиясының аудандық Саяси кеңесінің мүшелері, аудандық мәслихат хатшысы, ауылдық округ әкімдері, мекеме-ұйым басшылары, бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылған делегаттар, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Конференция отырысын филиал төрағасы Қарағойшин Наурызбай Қадырбайұлы төрағалық етті. Күн тәртібінде Жаңақала ауданы бойынша өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты Жаңажол, Көпжасар және Бірлік ауылдық округтеріндегі әкім сайлауына «Nur Otan» партиясынан кандидаттарды ұсыну мәселесі қаралды.
Конференцияда күн тәртібіндегі мәселе толығымен қаралып, тиісті қаулы қабылданды.
Конференцияның ҚАУЛЫСЫ:
1.Жаңақала ауданы Жаңажол ауылдық округ әкімінің сайлауына қатысуға Уразалиев Асылан Ханатович - Жаңажол ауылдық округінің әкімі, 2016 жылдан партия мүшесі ұсынылсын;
2.Жаңақала ауданы Көпжасар ауылдық округ әкімінің сайлауына қатысуға Бектілеу Нұрбол Серікұлы – Көпжасар ауылдық округінің әкімі, 2008 жылдан партия мүшесі ұсынылсын;
3.Жаңақала ауданы Бірлік ауылдық округ әкімінің сайлауына қатысуға Еслямгалиев Ерсайн Койшекенович - Бірлік ауылдық округінің әкімі, 2011 жылдан партия мүшесі ұсынылсын:
