КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСУДА
“Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы 5 жылдағы жұмыс жоспарын айтып өтті. Өңірдегі кәсіпкерлік саласын дамытуға басымдық берілгені сөз етілді. Кәсіпкерлер үшін салық режимі жеңілдетіліп, жаңа жұмыс орындарын құру үшін кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуде. Жаңа жобаларды жүзеге асыру, бизнеске оқыту, қайтарымсыз грант бөлуді көбейту секілді жұмыс қатары бар.
Штаб мүшелері "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы еліміздегі өзгерістердің нақты жоспары бар екендігінің дәлелі деп атап өтті. Сондай-ақ алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыра алатын команда бар. Ұжымды партияға қосылып, 10 қаңтарда өз таңдауларын жасауға шақырды.
Сүт өнімдерін шығаратын серіктестік қызметкерлері партияның бағдарламасына көңілі толатындықтарын айтып, нұротандықтарды қолдайтындықтарын жеткізді. Бастауыш партияның алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
