КЕЗДЕСУЛЕР АУЫЛДАРДА ЖАЛҒАСУДА
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының бекітілген жүйелік кестесіне сәйкес бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Меруерт Даубаева, Жомарт Датқаев пен Жасұлан Қолдасов Иіржар ауылдық округіне қарасты Наурыз елді мекенінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуге штаб төрағасы Досым Асабаев, Райымбек Қаратоқаев та арнайы қатысты.
Үміткерлер тұрғындарға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, басымдық берілген негізгі салаларға тоқталды. Әсіресе, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, білім салаларында атқарылған жұмыстардың нәтижелері кеңінен сөз болды.
Ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берген үміткерлер 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беруге шақырды.
#BizBirgemiz
#JeńimpazBol
