Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КЕЗДЕСУДІҢ МАҚСАТЫ ЕЛБАСЫ САЯСАТЫН ХАЛЫҚҚА ДҰРЫС ЖЕТКІЗУ

Бүгін "Nur Otan" партиясы Төлеби аудандық филиалының ұйымдастыруымен облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Ғ.Елшібаев пен Ә.Әміралиев және аудандық мәслихатқа кандидат болып тіркелген бір топ үміткерлер: Н.Қойбағаров, Д.Айтбаев, Н.Клушев, Х.Аширбеков, Д.Омаров, Ф.Калтаева және "Jas Otan" ЖҚ төрағасы А.Тлеубердиев белсенділермен кездесті. Аудандық мәдениет үйінде өткен шарада нұротандықтар сайлау науқанындағы барлық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу қажеттігіне жан-жақты тоқталды. Мұндағы мақсат науқан кезінде – жергілікті халықтың өтініші мен ұсыныстарын тыңдау, түйінді мәселелерді шешуге жәрдем ету және Елбасы Н.Назарбаев пен Президент Қ.Тоқаевтың саясатын халыққа түсіндіру және үгіт - насихат жұмыстарын дұрыс жүргізу.

Аталған жиын барысында сонымен қатар кандидаттар партияның мақсаттары мен міндеттерін, сайлауалды бағдарламаларды белсенді жастарға жете түсіндірді. Көкейлерінде жүрген мәселелерді ортаға салды.

Кандидаттар мен партия жақтастары ертеңгі басталатын жаңа аптаның жоспарын пысықтап, тың-күш-қуатпен шығатындарын айтып тарқасты.

4
0
109

Еще по теме

КЕЗДЕСУДІҢ МАҚСАТЫ ЕЛБАСЫ САЯСАТЫН ХАЛЫҚҚА ДҰРЫС ЖЕТКІЗУ - Yvision.kz