КЕЗДЕСУДЕ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
«Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Т.Дайрабаев аудандық орталық кітапхананың ұжымы мен кітапхана оқырмандарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Үміткер кездесуде: - «Nur Otan» партиясы алғашқы құрылған күннен бастап тың бастамалар көтеріп, жауапты шешімдер қабылдауға ұйытқы болып қана қоймай, елмен етене қайнасып, халықтың мүддесін қорғайтын бірден-бір қоғамдық ұйымға айналды. «Nur Otan» бүгінде өзін халықтық партия екенін сөзбен ғана емес, тындырымды ісімен де дәлелдеп келеді. Сондықтан біз алдағы уақытта да ел игілі үшін аянбай еңбек етуіміз қажет»,-дей келе егемен еліміздің мерейлі мерекесімен құттықтады.
Басқосуда үміткер сайлаушылардың сауалдарына жауап беріп, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары көрсетілген парақшаларды таратты.
