Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КЕЗДЕСУ ЖАМБЫЛ АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

КЕЗДЕСУ ЖАМБЫЛ АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

Бүгін сайлауалды үгіт насихат жұмыстарымды Жамбыл ауылында да жүргіздім. Кездесуде "Nur Otan " партиясы аудандық сайлауалды бағдарламасы 2025 жылға дейінгі атқарылар жұмыстарын насихаттадым. Кездесуде Жамбыл ауылы тұрғындары өз өтініштерін айтты.

Бағдарлама басымдылығы халықтың өмір сүру деңгейін арттыру.

«Nur Otan» партиясының бағыты – тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады.

Ауыл тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік

қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз

Коронавирустық пандемия жағдайында нарықты азық-түлік тауарларымен тұрақты түрде қамтамасыз ету мәселесі ерекше және өзекті болып отыр. Ауданның ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін сақтауға ғана емес, сондай-ақ жаңа экспорттық тауарларды іздеуге де күш-жігер біріктіріліп, келісілген іс-қимыл жасалатын болады.

Өңірде инвестицияларды тиімді салу, көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларынан барынша пайда алу, жаңа озық технологияларды енгізу, өндірісті қазіргі заманғы жабдықтармен және өнімділігі жоғары техникамен әртараптандыру және жарақтандыру есебінен дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Соның нәтижесінде 5 жылда біршама іс-шаралар іске асырылады. ✓Ауылшаруашылық саласы бойынша ірілендіру, мал бордақылау, ет өнімдерінің орындарын ашу.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

✓2022 жылы Кеңестөбе елді мекенінде мал азығын дайындау цехын ашуға (Бердібай ШҚ);

✓2023 жылы Мыңбұлақ елді мекенінен 1000 бастық мал бордақылау алаңын ашуға (Ел-Ырыс ЖШС);

✓2024 жылы Шалдар елді мекенінен ет өндейтін цехын ашуға (Шонай ШҚ);

ірі қара мал басын 84,5 мыңға дейін көбейтуге (қазір 53,9 мың);

✓7 астық қоймасын жөндеуге (Көктерек-2, Ағыбет-1, Боралдай-2, Шаян-2);

✓Жамбыл ауылында 1 000 тонналық көкөніс сақтау қоймасының құрылысын салуға;

дақылдардың құрғақшылыққа төзімділігіне арналған израильдік технологияны 300,0 га жерге енгізуге;

игерілмей жатқан жерлерді қайтару мәселесін көтеруге;

✓Жамбыл су қоймасынан Қызылсай каналын салуға (1250 га суару аймағы) ықпал етеді.

Нәтижесінде ірі қара мал басы көбейіп, мал азығын дайындау, мал бордақылау мен ет өңдеу цехтары ашылады, инвестиция көлемі арттырылады.

Сіздерді алдағы 10 қаңтар күні "Nur Otan " партиясына дауыс беруге шақырамын.

Бәйдібек аудандық мәслихат депутаттығына үміткер А.Байысбеков

#NurOtan_Baidibek

#bizbirgemiz

#sizdindausinizmanizdi

📷

📷

📷

📷

3Torekhan Ualikhanuly Baidibekov, Бахытжан Айдаров и ещё 1

Еще по теме

КЕЗДЕСУ ЖАМБЫЛ АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСТЫ - Yvision.kz