Кездесу
Депутаттар халық арасында
24.02.2021 жылы аудандық мәслихат хатшысы Ж.Қ.Теңелбаев мәслихат депутаттарымен бірге Үштөбе қаласы мен ауданымыздың 9 ауылдық округ аумақтарын аралап, жергілікті активпен,яғни, қала, ауыл белсенділерімен кездесулер өткізді.
Кездесу барысында әрбір округтегі өзекті мәселелер анықталып, ауылдың тыныс тіршілігі талқыланды. Өздерінің тұрғылықты жерлерінің қыр-сырын білетін ауыл тұрғындары елдің жай-күйі туралы депутаттарды хабардар етті. Ал депутаттар болса, ақсақалдармен дидарласып, олардың бүгінгі жағдайларымен танысып, Қаратал ауданын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасының мазмұнымен қысқаша таныстырып, оның іске асырылуы бойынша түсініктеме берді.
