КЕНТАУЛЫҚ ЖАС ҮЗДІК 100 СТУДЕНТТІҢ ҚАТАРЫНДА
Биылғы жылдың 20 қарашасына дейін жүргізілген байқаудан Кентау қаласы көпсалалы колледжінің "Электр және электрмеханикалық жабдықтар (түрлері бойынша)" мамандығының білім алушысы
Алмас Орманұлы Сарманов ҚР колледжінің үздік ТОП-100 студенті қатарынан көрінді.
Республикалық байқауға Қазақстан бойынша 338 адам қатысып, солардың арасынан топ жарған Алмас Орманұлын Кентау қаласы әкімінің орынбасары Бекайдар Алимбетов қабылдап, құттықтады.
Жоба жеңімпаздары өз мамандықтары бойынша кәсіпорын басшыларынан жұмысқа орналасуға шақырту алды.
