КЕНТАУДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ӨНІМ КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Кентау қаласында 3 ірі, 27 орта және шағын кәсіпорындары – 28 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Мемлекеттік бағдарламалар аясында облыстық өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына жалпы құны 13,7 млрд. теңгеге 8 жоба енгізіліп, 4 жоба толығымен іске асырылды. 2020-2022 жылдары қала бойынша 4 инвестициялық жоба іске асуы жоспарлануда. Бұл туралы қала әкімі Дәурен Мақажанов Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
