Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КЕМЕҢГЕР КӨШБАСШЫ- ЕЛБАСЫ

Тәуелсіздіктің арайлы таңы атқан ширек ғасырдан астам уақыт ішінде еліміз күллі әлем танып, мойындаған еңселі мемлекетке айналды. Еліміздің бұл жеткен жетістігі мен шыққан биігі сөз жоқ егемендігіміздің, бірлігіміз бен тұтастығымыздың беріктігін айғақтайтын айқын дәлел Қазақстан атты еліміздің, Тәуелсіздік атты басты құндылығымыздың синониміне айналған Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіздік жолында атқарған істері мен ел үшін еткен еңбегі ұшан-теңіз. Елбасының тәуелсіздік туын қолға ұстағалы бері әлем алдындағы, еліміз халықтары алдындағы көрсетіп келе жатқан ұланғайыр қажыр-қайраты қайран қалдырады. Жастарға жасаған қолдауларын біз мақтанышпен айтамыз. Түркістан қаласын облыс орталығы болуына еңбегі орасан зор және ерекше ықылас танытып келеді. Елбасының қолдауымен Түркістан рухани астанамызға айналып, өркендеп, көркейе түсуде.

Нұрғали Отаров,

Сарыағаш аудандық "Жас Отан" жастар қанатының атқарушы хатшысы

#BIRINShI

0
0
254

Еще по теме

КЕМЕҢГЕР КӨШБАСШЫ- ЕЛБАСЫ - Yvision.kz