"КЕЛТЕМАШАТ" БПҰ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер - Құдайберген Ержан Төлепұлының қатысуымен "Келтемашат" БПҰ мүшелерімен партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша кездесу өткізілді. Кандидат кездесу барысында сайлауалды бағдарламадағы басым бағыттарға жеке жеке тоқталып партия мүшелеріне таныстырып өтті. Ауыл тұрғындары тарапынан ұсыныстар мен тілектер түсіп, олар қарауға жіберілетін болды. Жиын соңында үміткер "Келтемашат" бастауыш партия ұйымы мүшелерін сайлау күнінде NUR OTAN-ды қолдауға шақырды.
