Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КЕЛЕС: ЖАҢАДАН ДЕПУТАТТЫҚ ҚҰРАМЫ САЙЛАНДЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14, 44, 45, 46 , және 112 - баптарына сәйкес, Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен Келес ауданында мәслихаттың жаңадан депутаттық құрамы сайланды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың алғашқы мәслихат сессиясында депутаттардың бірауыздан келісімімен Тотиков Арын Орынбекұлы мәслихат хатшысы лауазымына тағайындалды. Сондай-ақ, мәслихаттағы тұрақты комиссияның төрағалары мен комиссия мүшелері сайланды. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ж.Алсейтов жаңадан сайланған 19 депутатқа салтанатты түрде куәлік табыстады.

0
0
262

Еще по теме

КЕЛЕС: ЖАҢАДАН ДЕПУТАТТЫҚ ҚҰРАМЫ САЙЛАНДЫ - Yvision.kz