КЕЛЕҢСІЗДІКПЕН БІРГЕ КҮРЕСЕЙІК
КЕЛЕҢСІЗДІКПЕН БІРГЕ КҮРЕСЕЙІК

Кез-келген қоғам кемшіліксіз болмайды. Олардың шешілуі оған жауапты органдармен қатар, азаматтардың өздерінің сол мәселеге деген белсенділіктеріне де байланысты.
Осы ретте «Қазақстан» Ұлттық арнасының ресми сайтында «Келеңсіздікпен күрес» атты арнайы айдар ашылған екен. Аталмыш айдарда бүгінгі қоғамда болып жатқан түрлі келеңсіздіктер, заңсыз әрекеттер мен проблемалар туралы материалдар жарық көретін болады деп хабарланыпты Қазақстан арнасының ресми сайты.
Тұрғындар күнделікті тыныс-тіршілік барысында, түрлі органдар мен қызмет көрсету орындарында орын алған немесе өздері кездескен кемшіліктер мен заңбұзушылықтар туралы Ұлттық арнаның сайтындағы «Келеңсіздікпен күрес» атты айдарына арнайы хат жолдай алады. Осы жолданған хаттар негізінде Ұлттық арнаның тілшілері құзырлы органдар өкілдіктеріне хабарласып, мәселенің оң шешімін табуына ықпал етеді.
Ендеше, тығыраққа тіреген мәселеге тап болсаңыз, бастаған ісіңіздің шешімі табылмай жатса, яки мемлекеттік органдар тарапынан белгілі бір мәселеге байланысты тиісті жауап ала алмай жатсаңыз, Ұлттық арнаның ресми сайтына [email protected] мекенжайы бойынша хат жолдаңыз. Келеңсіздікпен сіз болып біз болып бірге күресейік, сауатты болайық, ағайын!
