КЕДЕРГІСІЗ ОРТА. АЖЫРАМАС ҚОҒАМ. АЗАМАТТЫҚ ҚОЛДАУЛАР.
Бүгін облыстық мәслихаттың депутаты – Дина Галиметдинова кедергісіз орта мәселесі бойынша мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті.
Кездесу барысында ерекше қажеттіліктері бар Орал қаласының тұрғындары өздерінің қоғамдық өмірдегі жүріп-тұру мәселелерін көтеріп, ортаға салды.

Көтерілген мәселелердің өзектілігі бойынша бірінші орында - қоғамдық көліктің қолжетімділігі. Бұл сұрақ кездесудің қатысушыларын бей-жай қалдырмады.

Кездесу барысында ортаға салынған тағы бір мәселе – "Enbek-Qoldau" порталы, ол мүмкіндігі шектеулі еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамту үшін виртуалды алаңға айналған болатын. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету органдарында ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қолайлы ортаны қалыптастыру әлі күнге дейін шешімді қажет ететін мәселе ретінде қаралды.
"Арба" қоғамдық бірлестігі мүшелерінің қатысуымен өткен аталмыш кездесу соңында алдағы атқарылатын жұмыстардың жоспары бекітіліп, бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру тапсырмасы жолға қойылды. Сонымен қатар, қатысушылардың ұсынысымен алдағы уақыттарда да осындай ашық кездесулердің жиі өткізіліп тұру ұсыныстары айтылды.
