КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК
2022 жылдың 31 наурыз күні "AMANAT" партиясы Тасқала аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Кедергісіз келешек партиялық жоба аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды Бірыңғай тақырыптық қабылдауы өтті. Қабылдауда, «AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандыық мәслихат депутаты Л.Жұбанышқалиева, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бқлімінің басшысы Б.Кентоғаева, аудандық орталық ауруханасы директорының орынбасары Н.Дуйсекешова, Азаматтарға арналған үкімет БҚО бойынша филиалы, Тасқала ауданынның Халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы, заңгер Н.Құрмышева, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды, мүгедек балалар тәрбиеленетін отбасы өкілдерінің түрлі сұрақтарына заң аясында жауаптар берілді.
