«КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК»
"Nur Otan" партиясы Жаңақорған аудандық партия филиалы ғимаратында "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында «Біз бәріміз біргеміз» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесу өтті. Кездесуді бірінші орынбасар М.Балқожаев ашып жүргізді. Кездесуге аудандық "Атамекен" кәсіпкерлік палатасынан Жолдасбеков Асылжан, аудандық жұмыспен қамту және хал актілерін тіркеу бөлімінен Сауле Тумырзаева және партия ардагері Қ.Ерубай мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатысты. Кездесуде зағип жандардың мәселелері талқыланды.
