КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ ШАРТТАРЫ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨНІМДЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ
Өнім сапасы мен қауіпсіздігі – қазіргі экономика шарттары бойынша өндірістің тиімділігін анықтайтын негізігі көрсеткіштердің бірі. Мемлекеттегі экономикалық және саяси бағыттағы болып жатқан өзгерістер, Кеден одағының жұмысы (КО) – отандық өндірушілерді осындай мәселелерге жаңаша көзқараспен қарауына мәжбүрлейді.
Өнім сапасы – кәсіпорынның өте маңызды көрсеткіші. Өнім сапасының көтерілуі кәсіпорынның нарықтағы рөлінің көтерерілуіне, ғылыми-техниканың даму қарқынына, кәсіпорында қолданылатын өндірістердің өсу тиімділігіне, барлық шикізат түрлерін үнемдеуге ықпал етелі. Қазақстан БСҰ-на кіргелі бері шығаратын өнімнің сапасын көтеру, бәсекеге қабілеттілігін арттыру негізгі мәселелердің бірі болды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында осы мәселеге ерекше көңіл бөлген болатын. Заманауи кәсіпорынның негізгі тапсырмаларының бірі – шығаратын өнімді жоғарғы сапамен қамтамасыз ету.
Қазіргі таңда кедендік шекаралары ашылғынан бері, Ресей және Беларус тауарлар ағыны келіп жатыр, нәтижесінде отандық тауарлар бәсекеге қабілетсіз болып, нарықтағы орнын таба алмауда. Басты себептердің бірі, түрлі өнімдердің импортының үлесінен, өнімді сату үшін тиімді жағдайдың болмауынан, мемлекеттік көмектің әлсіз деңгейде болуы және тағы да басқа факторлар, таңбалаудың дұрыстығын, сертификатттардың болуын тексерулер, мемлекет тарапынан бақылаудың өткізілуі жеткіліксіз болуынан екендігін көрсетеді.
Мемлекеттік толық бақылау жүргізуді тежеуші фактор болып, қазіргі таңда республикада өнімді қайтару, техникалық регламент талаптарына сәйкескес келмейтін өнімді айналымға шығару немесе жою механизімінің жоқтығынан. Сонымен қатар, заңнамадағы олқылықтар, мысалға мемлекеттік коммерциялық кәсіпорындардың лауазымды тұлғаларына жауапкершіліктің болмауы.
Техникалық реттеу және метрология саласындағы бұзушылықтар үшін нақты жауапкершілік болмағандықтан, қазіргі таңда техникалық регламенттер талаптарын бұзу кәсіпорындарға экономикалық жағынан пайдалы болып тұр.
Нәтижесінде нарықта жалған және өнімнің сәйкестігін бағалау процесінен өтпеген тауарлар көптеп кездеседі.
ЕЭК 2011 жылғы 18 қарашадағы келісімін орындау барысында, 2012 жылғы 25 желтоқсандағы ЕЭ комиссиясының № 294 шешімімен қабылданған, техникалық реттеудің бірыңғай қағидаттары мен ережелері туралы Беларус Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы арасындағы 2010 жылдың 18 қарашадағы келісімі және Кедендік одақтың шекаралық аумағында айналымдағы өнімнің сәйкестігін бағалау 2009 жылғы 11 желтоқсандағы келісімі бойынша Кедендік одақтың шекаралық аумағына кіргізілетін өнімдер міндетті түрде өнімнің сәйкестігін бағалау тәртібінен өту керек.
Өнімдерді кеден аумағына кіргізу үшін кедендік декларация бойынша кеден органдарына сәйкестігін бағаланғаны туралы құжат ұсынуы тиіс. Өнімнің сәйкестігін растау техникалық регламент бойынша анықталады. Және де Кеден одағының 2011 жылғы 07 сәуірдегі комиссия шешімімен бекітілген № 620 «Біріңғай құжаттарды берумен кеден одағының шеңберінде міндетті сәйкестікті бағалауға жататын өнімдердің біріңғай тізбесі» және КО ТР немесе № 620 тізбеде қамтылмаған өнімдер үшін ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 «Міндетті сертификаттауға жататын өнімдер тізбесі» қаулысымен бекітілген тізбеглерге енген өнімдер міндетті сәйкестікті бағалауға жатады.
Міндетті сертификаттау, өнімдердің қауіпсіздігін бақылау құралы болып табылады.
Барлығына қарамастан, отандық кәсіпорындар Қазақстан нарығында өзара бәсекелесуде, барлығының ортақ мақсаты – өнім сапасын көтеру мен оның қауіпсіздігі.
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар
және даму министрлігі Техникалық реттеу және
метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша
Департаменті» РММ
