kk
Default banner
Разное
426 450 постов45 подписчиков
Всяко-разно
0

КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ.

"Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Уалихан Рысбекұлы Рахиев партияның Созақ аудандық филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдау келген тұрғындары атаулы әлеуметтік көмектердің тағайындалуы, коммуналдық қызметтер тарифтері, тұрғын үймен қамтамасыз ету, көшелердің жарықтандырылуы, т.б. мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді. Өз кезегінде кеңес төрағасы заңнамалар аясында түсініктемелер беріп, кейбір мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданатынын жеткізді.