ҚазҰУ-да Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аталып өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Ақпараттық технологиялар факультеті, Компьютерлік ғылымдар кафедрасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерейтой аясында еліміздегі этносаралық татулық пен қоғамдық келісімнің маңыздылығы талқыланып, Ассамблеяның атқарған рөліне терең баға берілді.
Шараға университет ұстаздары, студенттер, этномәдени бірлестіктер өкілдері мен қонақтар қатысты. Олар Ассамблеяның құрылу тарихы, оның Қазақстан қоғамындағы орны, бірлік пен тұрақтылықты нығайтудағы маңызы туралы ой бөлісті. Форум барысында түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті, дәстүрі және тілдері туралы ақпараттар ұсынылып, студенттер этникалық әртүрліліктің ел дамуына қалай әсер ететінін талқылады.
Спикерлер қатарында қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулық бағытында еңбек етіп жүрген мамандар, сондай-ақ Ассамблея жұмысына белсене араласып жүрген жастар болды. Олар бейбітшілік пен бірлік – мемлекеттің тұрақты дамуының басты кепілі екенін атап өтті. Сонымен қатар, қатысушылар Ассамблеяның болашақ бағыттары мен жастар арасындағы рөлін де сөз етті.
Іс-шарада студенттер патриоттық әндер шырқап, әр ұлттың биі мен мәдениетіне арналған шағын көріністер қойды. Бұл – жас ұрпақтың елдегі ұлтаралық келісімді құрметтеп, әртүрлілікті байлық ретінде қабылдайтынын көрсетті. Мұндай шаралар – студенттер арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастықты арттырудың маңызды құралы.
Қазақстан халқы Ассамблеясы – Тәуелсіздік жылдарындағы тұрақтылық пен бейбіт өмірдің символы. ҚазҰУ қабырғасында өткен бұл мерекелік жиын – бірлікті бағалауға, тарихты тануға және болашаққа сеніммен қарауға бағытталған маңызды басқосу болды.
Авторалар: Кабдрахова С.С., Закарьянова Н.Б., Гусманова Ф.Р., Нестеренкова Л. А.