КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА «АШЫҚ ӘКІМДІК» ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
2020 жылдың 5 қараша күні Казталов ауданында жаңа «Ашық әкімдік» сервистік қызмет көрсету орталығы ашылды.
Салтанатты ашылу рәсіміне БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының міндетін уақытша атқарушы Н.И.Самет, облыстық Мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары А.С.Жұбаныш және аудан әкімі А.Т.Есалиев қатысты.
«Ашық әкімдік» жобасы мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға, ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге және тұрмыстық жемқорлықты жоюға бағытталған.
Сонымен қатар, аудан активімен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған кездесу ұйымдастырылды.
Шара барысында Н.И.Самет қатысушыларды Агенттіктің негізгі жұмыс бағытымен таныстырды, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға және қоғамда парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған заңнамалық бастамалар мен новеллаларға тоқталды.
Сонымен қатар, қатысушыларды адал, парасатты болуға және мемлекет пен азаматтардың мүддесіне шынайы қызмет етуге шақырды.
Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.
