"КАЗПОШТА" ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін Ойыл аудандық мәслихаты депутаттығына үміткерлер Сакен Займолдин, Еркін Жиеналин, Бергалиев Исатай, Омарова Мейрамгул, Бисекенова Гулнара, Кулмуханов Медет, Майканов Айбзал және Дәулетқалиев Нұрсұлтан «Казпошта» АҚ филиалының еңбек ұжымымен кездесті. Халық көп келетін ұжымда «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасындағы негізгі басымдықтар айтылып, межелі жұмыстардың келер жылдан бастап жүру барысы таныстырылды. «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалының жұмысына сәттілік тілеген ұжым әрдайым «Nur Otan» партиясын қолдайтындықтарын жеткізді.
