Kaziyev Ulukbek/ Tugan elge tagzym expedition/Atyrau
«Туған елге тағзым» 1-ші күн.
Мен – Казиев Улукбек Ескулович 8Е сыныбың оқушысы «Туған елге тағзым» экспедициясының қатысушымын. Бүгін біз 13.06.17 күні - Астана қаласындағы оқушылары Атырау қаласына келді. Біз «Тальга» пойызымен келдік, бізді керемет қош алды: бауырсақ пен айран берді. Бізді Атырау Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қош алып, би биледі, сосын автобуспен мектепке жеткізді. Келгенде бізді жатақхана ережелерімен таныстырды. Жатақхана өте қызықты, ал персонал қонақжайлы болды. Маған осы мектептегі дизайн өте ұнады: өте көп суреттер, қызықты және әдемі жазбалар бар. Өскемен қаласынан келген оқушылармен таныстым: Айшуак, Бекжан, Диас. Бізді кешкі асқа шақырды, тамақ дәмді болды. Сосын біз басқа балалармен араласып, ойын бастадық. Осы ойынның мақсаты – бірнеше тапсырмаларды орындау. Біз осы ойынды керемет, тату болып өттік, өте қызықты болды, бірақ бір тапсырмада біз ұтылып қалдық. Негізінде, біз көп көңіл және позитив алдық. Сосын біз жиналып, екінші кешкі асқа барып келіп, жақсы орналасып, ұйықтадық.




