"КАЗЦЕНТРЭЛЕКТРОПРОВОД" ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
2020 жылы 30 желтоқсанда облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат Өтеубаев Талғат Бабашұлы, қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Баймағанбетов Өміржан Зейнешұлы, Тәжібаева Нұргүл Сәбитқызы, Шаяхметов Қайрат Үлгіліұлы «Казцентрэлектропровод» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымымен кездесу өткізді.
Талғат Бабашұлы іс-шараға қатысушыларды партияның сайлауалды бағдарламасымен және оның негізгі бағыттарымен таныстырды. Нұргүл Сәбитққызы Саран қаласы бойынша сайлауалды бағдарламаның басымдықтарына тоқталса, Өміржан Зейнешұлы бағдарламаның «Ашық және есеп беретін жергілікті органдар» бағытын түсіндірді, Қайрат Үлгіліұлы «Қауіпсіз қала» бағыты туралы әңгімеледі.
Сөз сөйлеген әр кандидат «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл–ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау екеніне басты назар аударды.
Кездесу соңында кандидаттар қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ, оларды азаматтық белсенділік танытып, 2021 жылдың 10 қаңтарында мақсаты еліміздің дамуы мен гүлденуі болып табылатын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясының Қарағанды облысы бойынша сайлау қорының қаражатынан төленді.
