Перейти к содержимому

Қазақстандағы денсаулық сақтау саласы: өзекті мәселелер мен шешу жолдары

Денсаулық сақтау – кез келген мемлекеттіңәлеуметтік және экономикалық тұрақтылығынанықтайтын маңызды салалардың бірі. Қазақстандабұл бағытта көптеген реформалар жүргізіліп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру(МӘМС) жүйесі енгізілді, цифрлық денсаулықсақтау технологиялары дамып келеді. Алайда, медициналық қызметтің сапасы, қаржыландырумәселелері, кадр тапшылығы сияқты бірқатармәселе әлі де өзекті болып отыр. 

​ Қазақстандағы денсаулық сақтауинфрақұрылымының тозуы мен медициналықкадрлардың жетіспеушілігі өзекті мәселелердің біріболып қала береді. Қазақстан РеспубликасыПремьер-Министрінің ресми сайтындағымәліметке сәйкес, денсаулық сақтау нысандарының20%-ы 1964 жылға дейін салынған. Бұл олардыңжаңартуды қажет ететінін көрсетеді(primeminister.kz). Профессор, медицина ғылымдарының докторы Қанат Төсекбаевтыңайтуынша елімізде медициналық инфрақұрылымдыжаңғырту бойынша кешенді шаралар қабылдануда. Алайда, өңірлердегі ауруханалар мен емханалардаәлі күнге дейін заманауи құрал-жабдықтардыңжетіспеушілігі байқалады. Сонымен қатар, біліктімамандардың тапшылығы да өзекті болып отыр. Бұл әсіресе ауылдық жерлерде қатты сезіледі. 

Кадр тапшылығы – ресми деректерге сәйкес, Қазақстанда шамамен 5 мыңға жуық дәрігержетіспейді, әсіресе терапевт, педиатр, акушер-гинеколог сияқты мамандарға сұраныс жоғарыболып отыр. Жалақының төмендігі – медициналыққызметкерлердің жалақысы жеткілікті деңгейдекөтерілмегендіктен, көптеген жас мамандаршетелге кетіп жекеменшік клиникаларға жұмысқаорналасып жатыр. Сонымен қатар мемлекеттікауруханалар мен емханаларда дәрігерлерге түсетінжүктеме өте жоғары, бұл олардың кәсіби қызметінекері әсер етеді. 

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналықсақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізілгенімен, қаржыландыру мәселесі толық шешілмеген. Денсаулық сақтау министрлігінің деректерібойынша, кейбір аймақтарда медициналықжабдықтардың тозуы 60-70%-ға дейін жеткен.Денсаулық сақтау саласындағы сарапшы АсқарҚуандықовтың айтуынша Қазақстандамедициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмекпенқамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауды қажететеді. Қаржыландыру тетіктері жетілдірілгенімен, оның бөлінуі мен тиімді жұмсалуында әлі де проблемалар бар. Мемлекеттік емханалар мен ауруханалардағы қызмет көрсету сапасын арттыруүшін қаржылық ресурстарды дұрыс бағыттауқажет. 

Жекеменшік және мемлекеттік клиникаларарасындағы теңсіздік – азаматтардың көпшілігісапалы медициналық көмек алу үшін ақылықызметтерді пайдалануға мәжбүр.Қаржыландырудың ашықтығы өлінген қаражаттыңтиімді пайдаланылмауы медициналық қызметкөрсету сапасына кері әсер етеді. 

COVID-19 пандемиясы Қазақстанныңденсаулық сақтау жүйесінің дағдарысжағдайларына толық дайын емес екенін көрсетті.Мәселен ауруханалардағы орын тапшылығы – пандемия кезінде көптеген аймақтардаауруханаларда науқастарды қабылдауға орынжетіспеді. Өкпені жасанды желдетуаппараттарының (ӨЖЖ) тапшылығы – эпидемия кезінде ӨЖЖ аппараттарының жетіспеуі үлкенмәселе болды. Медицина қызметкерлері қорғанысқұралдарымен жеткілікті деңгейде қамтылмады.Эпидемиолог, профессор Бақытгүл Сапарова бұлтуралы былай дейді: Еліміздің денсаулық сақтаужүйесі пандемия кезінде көптеген қиындықтарғатап болды. Мұндай жағдайлар қайталанбауы үшінбізге стратегиялық қор құру, жедел әрекет етуалгоритмдерін дамыту және медицина қызметкерлерін арнайы дағдарыстық дайындықтанөткізу қажет. 

​“AMANAT” партиясының “Дәрігер Talks” диалог алаңында 300-ден астам медицина қызметкері халықтың денсаулық сақтау мәдениетіжеткілікті деңгейде қалыптаспағанын атап өтті. Сарапшылар алдын алу шараларын күшейтуқажеттігін алға тартты. 

​Қазақстанның денсаулық сақтау саласындамыту мақсатында медициналық кадрлардыдаярлау және ынталандыру қажет. Дәрігерлердіңжалақысын арттырып, ауылдық жерлерде жұмысістейтін мамандарға арнайы жеңілдіктер қарастыруда маңызды болып отыр,  медициналық білім беру жүйесін жетілдіру үшін резидентура мен интернатура бағдарламаларын дамытуды іске асыру керек.Аймақтарға жоғары біліктімамандарды тарту үшін баспана, көтермеақы жәнеәлеуметтік жеңілдіктер берілуі тиіс. 

​Денсаулық сақтау саласын қаржыландырудыарттыруға да көңіл бөліп, медициналықжабдықтарды жаңартып отыру қажет.Медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру,арқылы халықтың әлеуметтік осал топтарыныңсақтандыру мүмкіндігін кеңейтуге назар аударған жөн. Қаржыландырудың ашықтығын қамтамасызетіп, жемқорлықтың алдын алу жолдарын күшейту керек. Және де алдын алу шараларын күшейтіп, ұлттық скрининг бағдарламаларын кеңейтуқажет.Азаматтарды жүйелі медициналықтексерулерден өтуге ынталандырып, салауаттыөмір салтын насихаттау шараларын арттыруды қолға алу керек. 

  ​Қазақстанның денсаулық сақтау саласыайтарлықтай өзгерістерге ұшырап жатқанымен, бұлсалада әлі де көптеген өзекті мәселелер бар. Сарапшылардың пікірінше, медициналық қызметсапасын арттыру, қаржыландыруды жақсарту жәнеалдын алу шараларын күшейту — бастыбасымдықтар болуы тиіс.. 

​Денсаулық – ұлт байлығы. Сондықтан бұлсаладағы реформалар жүйелі түрде жүргізіліп, әрбір азаматқа сапалы медициналық көмек көрсетубасты міндет болуы қажет. 

                                                                                     ДАНИАЛ МАХАНОВ

ҚазҰУ-дың 2-курс студенті

0
0
4092

Еще по теме