Қазақстан Республикасының жаңа Негізгі заңының жобасы
Жаңа Конституция жобасы - мемлекеттің даму бағытын қайта айқындайтын стратегиялық маңызы бар құжат. Ата заңға енгізіліп отырған өзгерістер тек жекелеген нормаларды жаңарту емес, тұтас құқықтық және институционалдық жүйені қайта қарауға бағытталған.
Адам құқықтары мен бостандықтарының басымдық ретінде белгіленуі мемлекеттің барлық саласындағы саясатқа әсер ететін негізгі қағидаға айналмақ. Бұл басқару мәдениетін жаңғыртып, шешім қабылдау процесінде адам мүддесін алдыңғы орынға қоюға мүмкіндік береді.
Осы тұрғыдан алғанда, Конституция жобасын еліміздің болашағына бағытталған, ойластырылған әрі жауапты қадам деп бағалаймын. Ол қоғам дамуының жаңа кезеңіне сенімді негіз қалайды деп ойлаймын.