Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«Казахтелеком» завершил строительство еще 104 базовых станций по технологии LoRa

Вот это да! Друзья, «Казахтелеком» завершил строительство еще 104 базовых станций по технологии LoRa. Теперь М2М (machine to machine) и IoT устройства могут быть подключены в Жамбылской и Западно-Казахстанской областях, а также в городах Туркестан и Алматы.

«Казахтелеком» начал строительство сети LoRa в 2017 году, сейчас инфраструктура насчитывает уже 428 станций в 17 городах страны.

Напомним, что LoRa — это беспроводная технология передачи небольших по объёму пакетов данных на значительные расстояния. Технология используется в проектах «Умного дома» и «Умного города».

«Казахтелеком» планирует обеспечить как можно больше казахстанских городов услугами, связанными с IoT и M2M:

Умное ЖКХ — обеспечивает удаленный мониторинг и снятие показаний со счетчиков, прозрачность и оперативное реагирование на всплеск потребления ресурсов.

Умное освещение — управляет городским освещением на уровне каждого уличного фонаря: регулирует мощность освещения в зависимости от погодных условий.

Умный люк — уменьшает угрозы травм пешеходов и отслеживает уровень воды в колодцах.

Умный вывоз мусора — отслеживает заполняемость баков и оптимизирует маршруты движения специальной техники.

Вся информация с устройств поступает в единый центр обработки данных в Павлодаре. Кстати, для более качественного сервиса по передаче, хранению и обработке данных с различных датчиков и устройств, компания расширила функционал платформы для обработки данных «Network Server». Благодаря этому улучшился пользовательский интерфейс и появилось больше возможностей для анализа работы клиентских устройств M2M.

Читайте еще больше новостей о строительстве станцией на базе технологии LoRa в наших следующих постах.

________________________________________

Па, шіркін! Достар, «Қазақтелеком» LoRa технологиясына негізделген тағы 104 базалық станция салды. Енді Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында және Түркістан, Алматы қалаларында М2М (machine to machine) және IoT құрылғыларын қосуға болады.

«Қазақтелеком» LoRa желісін тарту жобасын 2017 жылы қолға алған болатын. Қазір еліміздің 17 қаласындағы станциялар саны 428-ге жетті.

LoRa — шағын дерек топтамаларын алыс қашықтыққа жіберетін сымсыз технология. Ол «Ақылды үй» және «Ақылды қала» жобаларына қолданылады.

«Қазақтелеком» мүмкіндігінше көбірек қалаларды IoT және M2M қолданатын қызметтермен қамтуды жоспарлап отыр. Олар:

Ақылды ТКШ — есептеуіштің көрсеткішін қашықтан бақылау және жазып алу, ресурс тұтыну деңгейін ашық етіп, керек кезде жылдам әрекет ету мүмкіндігін береді.

Ақылды жарық — қала көшелеріндегі әрбір жарықшамды бақылайды: жарық деңгейін ауа райына, күн мезгіліне қарай ыңғайлап отырады.

Ақылды люк — жаяу жүргіншілердің жарақат алуына жол бермейді, құдықтағы су деңгейін қадағалап отырады.

Ақылды қоқыс шығарғыш — қоқыс жәшіктерінің толғанын бақылап, арнаулы техникаға бағыт-бағдар беріп отырады.

Құрылғылардан алынған ақпарат Павлодардағы бірыңғай дерек өңдеу орталығына жіберіледі. Айтпақшы, түрлі құрылғылардың ақпаратын жіберу, өңдеу, сақтау қызметі сапалы болуы үшін компания дерек өңдеуге арналған «Network Server» платформасының функционалын айтарлықтай кеңейтті. Соның арқасында қолданушы интерфейсі жақсарып, клиенттердің M2M құрылғысының жұмысын талдау мүмкіндігі арта түсті.

LoRa технологиясына негізделген базалардың құрылысы жайлы қызық жаңалықтарды келесі жазбаларымыздан оқыңыздар.

0
0
394

Еще по теме