КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
Теңіздің биоресурстарын қорғау мен молайту – қазіргі күннің ең басты талабына айналған кезде балық шаруашылығын дамытудың заманауи әдістері қолға алынған, оларды қаржыландыру көздері іздестірілуде.
Каспий проблемалары ғылыми-зерттеу институтының Ақтау филалының кешенді бағдарламасын жасақтау үшін облыстық бюджеттен 40 млн теңге бөлінді. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Дүйсен Құсбеков мәлім етті.
«Облыста өндірістік балық аулау аймағы Каспий теңізінің Түрікмен шекарасындағы Сүйе жерінен Прорва жерінен дейінгі ұзындығы 1350 км құрайды.Теңіз жағалауы бойынша 6 балық шаруашылық ауданы 35 учаскеге бөлінген. Оның ішінде 26 учаске 19 табиғат пайдаланушыға бекітілген, 9 учаске резервте тұр»,- деді Дүйсен Құсбеков.
Маңғыстау облысы шегінде Каспий теңізінің қазақстандық секторының және жағалауының тұрақты дамуының ғылыми-қолданбалы зерттеулері кешенді бағдарламасына» келіп түскен ғылыми-қолданбалы зерттеу жобаларын толық талдағаннан кейін 27 жоба қосылды.
«Астана» халықаралық ғылыми кешені «Маңғыстау облысы бойынша экологиялық жағдайды жақсартудың 2026 жылға дейінгі мерзімді қамтитын бағдарламасын» жасақтап аяқтады. Бағдарламаның басты мақсаты- Қазақстанның трансшекаралық Каспий маңы аймағы экономикасының бәсекеге қабілеттілігін және тұрғындарының өмір тіршілігі қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізі ретінде Маңғыстау облысы және КТҚС іргелес бөлігінің әлеуметтік-экономикалық дамуының, экологиялық және геосаяси қауіпсіздігінің негізгі бағыттарын анықтау»,- деді Дүйсен Құсбеков.
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ
