КАРАНТИНДІК ТАЛАПТАР КҮШЕЙТІЛДІ
Кешегі сағат 07:00-ден бастап Маңғыстау облысы мен Атырау облысының арасына (нақтырақ Боранқұл ауылының шыға берісіне) санитарлық бекет қойылды. Бұл бекет Атырау облысының қызыл аймаққа енуіне байланысты, Маңғыстау облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №43-БСДҚ «Маңғыстау облысының аумағында коронавирус инфекциясының алдын алу туралы» қаулысына сәйкес қойылды.
Бекеттен жүк көліктер мен қызметтік көліктердің (ПЦР анықтамасы болса) өтуіне рұқсат етілген. Басқа себептермен өтуге жол берілмейді.
БЕЙНЕУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
