КАРАНТИНДЕГІ КӘСІПТІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ
Бүгін, 2020 жылдың 25 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер – Аманжан Жамалов пен Снежанна Имашева «Галактика» сауда және ойын-сауық орталығында болып, өз-өздерін жұмыспен қамтыған кәсіпкерлермен кездесті.
Аталмыш сауда орталығында тігін шеберханасы және туристтік агенттіктер көбірек орналасқан. Үміткерлер кәсіпкерлермен тілдесіп, карантиндегі кәсіптің жағдайымен танысты. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлауға қатысуға шақырды.

Экспромт-кездесуде сұрақтарын қойып, мәселелерін жеткізген тұрғындар да болды. Солардың бірі – кәсіпкер, тігінші Жанар.
Өз кезегінде Жанар, кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қолдаулар туралы жаңартылған ақпараттардың халық үшін қолжетімсіз екендігін алға тартып, қарапайым халық қоныстанатын мекендерге ақпараттық материалдарды үлестіру жөнінде ұсынысын жеткізді.
Бұл орайда, үміткер – А.Жамалов айтылған ұсынысты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жолдайтындығын айтып, партияның өңір бойынша "Бизнестің жол картасы - 2025" бағдарламасы шеңберінде жыл сайын кемінде 150 жобаны субсидиялау, жылына 40 жобаға кепілдік беру, кемінде 30 грант өтеусіз негізде ұсыну жұмыстарының жүргізілетіндігін жеткізді.
