КАРАНТИНДЕ ҚАРЫЗҒА БАТҚАН ҚАЛА ТҰРҒЫНЫНА ТИІМДІ ШЕШІМ АЙТЫЛДЫ
Бүгін, Батыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер - Софья Ізмұханбетова қала тұрғындарын қабылдады.
Үміткердің қабылдауына келген тұрғын - Тұрарбек Төлеуғалиев, пандемияға дейін жақсы жалақыда жұмыс жасаған азамат. Өз кезегінде кредитке үй де алып үлгерген ол, ойламаған жерден карантин басталып жұмысынан айырылды. Әлі күнге дейін жұмыссыз. Үздіксіз қарызын сұрайтын банк, іздесе де табылмай жатқан жұмыс салдарынан Тұрарбек, "Nur Otan" париясынан көмек сұрай келді. Бұл орайда, үміткер - Софья Салахадинқызы, ҚР Президентінің жарлығы бойынша, 2021 жылдан бастап қазақстандықтар өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалана алатындығын алға тартып, қала тұрғынының байланыс нөмерін алып, толығырақ ақпарат беретіндігін айтты.
Сонымен қатар, тұрғын үйлер жанына белгіленген арақашықтық талаптары сақталмай қойылған қоқыс жәшіктерінің мәселесін көтере келген "Марқасқа" көшесінің тұрғыны - Сандуғаш.
Бұл мәселені үміткер, "Марқасқа" көшесіне жауапты Круглоозёрное ықшам ауданының әкімдігіне жеткізетіндігін айтты.
#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
Преодолев испытания, победим вместе!
