Карантин талаптары
Ақсу ауданының ХКО бөліміне қызмет алуға келген тұтынушылардың уақытылы және өзара кезек сақтау нұсқаулығына сәйкес, талап етілетін адам саны бойынша қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда, карантин талаптарына сай ара-қашықтықтың сақталуы қатаң қадағаланып, жеті бақылау тәртібімен ғана, әкімшілік тарапынан берілген арнайы нұсқаулық бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Шындығында, Республика бойынша онлайн қызметінің сұранысы артып, өзіне-өзі қызмет көрсетушілер санының көбейуіне байланысты желі жумысы баяулап, тұтынушылардың біраз күтуіне ішінара себеп болып жатыр...Бірақ, аталған мәселе бойынша біздің тарапымыздан нақты себебі көрсетілген акт дереу толтырылып жіберіледі! Тағы бір ескеретін жайт, ол кейбір мамандарымыз ауруханада ем қабып жатқандығы, яғни маман тапшылығы...
Осы уақытқа дейін біздің мекеме тарапына түскен теріс пікір немесе арыз-шағымның ешқашан болмағандығын ескере отырып,келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім сураймыз! Біздің мақсатымыз тек: САНАЛЫ ҚЫЗМЕТ-САПАЛЫ НӘТИЖЕ!
