Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«КАНВАССИНГ» ЖӘНЕ «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» ШАРАЛАРЫ АЯСЫНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«КАНВАССИНГ» ЖӘНЕ «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» ШАРАЛАРЫ АЯСЫНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін, облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Ғанимат Нұрмұхановтың сенімді өкілдері, "Есіктен есікке" акциясы аясында Сырым ауданы, Жымпиты ауылының еңбек ардагерлерімен кездесті.

Сонымен қатар, ардагер - ұстаз, "Ерең еңбегі үшін" төсбелгісінің иегері – Гүлфия Сатымқызының үйінде болды.

Кездесу барысында қазіргі таңдағы білім беру саласына қатысты мәселелер туралы ой қозғалып, болашақта осы салаға байланысты атқарылатын жұмыстар жоспары ортаға салынды.

Үміткердің сенім білдірген өкілдері шара аясында, тұрғындарға "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы ақпараттар беріп, 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлауға шақырды.

@nur_otan

#nurotan

Еще по теме

«КАНВАССИНГ» ЖӘНЕ «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» ШАРАЛАРЫ АЯСЫНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ - Yvision.kz