Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КАНВАССИНГ ӨТТІ.

"Nur Otan" партиясының канвассинг шарасы аясында аудандық мәслихат депутаты А.Түсіпқалиева Хан ордасы ауылындағы беделді отбасылардың бірі Унаевтар шаңырағына барды. Себебі, осы отбасының ұйтқысы болып отырған анамыз- Джармуханбетова Кульжан көп балалы ана, ұлды ұяға, қызды қияға ұзатып, немере, шөбере көріп отырған бакытты әже. Міне, бүгінде кенже ұлы Асылболат пен келіні Ританың қыздары, немерелері Хайырлыева Дильназ Жәңгір хан атындағы ЖОББМ тәмәмдап "Алтын белгі" иегері атанса, Хайырлыева Альмира Орал қаласындағы Дарынды балаларға арналған С. Сейфуллин атындағы 11-ші облыстық мамандандырылған интернатының 9-шы сыныбын "Үздік аттестатпен" аяқтады. "Қуанышпен бөліссең, қуанышың көбейеді" демекші, Кульжан анамыздың қуанышына ортақтаса отырып отбасына амандық, береке, бірлік, қыздарға сәттілік тілеп, ауылымызда, ауданымызда жүргізіліп жатырған игі жұмыстар және сайлау алды бағдарламаның орындалуы жөнінде де әңгіме- дүкен құрды.

0
0
100

Еще по теме