Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КАНВАССИНГ ӨТТІ.

Аудандық мәслихат депутаты, "Nur Otan" партиясы фракция мүшесі Мұхамжарова Манчук Жүсіпқалиқызы Ұялы ауылының тұрғындары зейнеткер Сарсенғалиев Оразай ағамыз және Еслямғалиева Жамиға апамыздың үйіне барып пікірлесті. Үстіміздегі жылдың 10 қаңтарында елімізде үлкен саяси науқан, ҚР Парламенті және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп, жетекші саяси күш «Nur Otan» партиясы жеңіске жеткен болатын. Сол арқылы «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламаның орындалуын жүзеге асыру үшін 2021-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары жасақталды. Бүгінгі күні 7 бағыт, 88 көрсеткіштен тұратын аудандық жол картасының 2021 жылға жүзеге асырылуға тиіс тармақтарында көрсетілген ауылымызға ФАП салу жұмысының жүргізілу жәйі қалай болып жатқандығы туралы пікірлесті. Сайлауалды бағдарламаның орындалуы – басты назарда тұрғанын айтты.

0
0
202

Еще по теме