КАНВАССИНГ ӨТТІ
Nur Otan партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ермек Сабитов Аягөз қаласындағы көпбалалы ана Эльваира Асеновамен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында ол партияның сайлауалды бағдарламасының бүге-шүгесін таныстырып өтті. Кандидат партияның көпбалалы отбасыларды, аз қамтылған жанұяларды қолдауға баса назар аударып отырғандығын жеткізді.

