Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КАНВАССИНГ ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА

«Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер «Хамит» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің басқарма басшысы Бақытжан Серманизов бүгін канвассинг шарасы бойынша тұрғындармен кездесу өткізді. Мұндағы мақсат – жергілікті халықтың өтініші мен ұсыныстарын тыңдау, түйінді мәселелерді шешуге жәрдем ету.

Аталған кездесулер барысында үміткер партияның мақсаттары мен міндеттерін, сайлауалды бағдарламаларды жете түсіндірді. Өз кезегінде тұрғындар да көкейлерінде жүрген мәселелерді ортаға салды.

Кандидат тұрғындардың мәселелерін жазып алып, мүмкіндігінше партия тарапынан шешуге атсалысатынын жеткізді. Сонымен бірге оларды ертеңгі күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.

Еще по теме