КАНВАССИНГ ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА
КАНВАССИНГ іс-шарасы аясында, Бөкей ордасы аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ермек Меңдешев, Елубай Насыров және Екатерина Мукешева ауылдың ардақты ақсақалдары, еңбек ардагерлері Ибрайым Дүйсеков пен Қуаныш Есеевтің үйлеріне барып кездесу өткізді. Үміткерлеріміз “Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, партияның осы күнге дейін жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті.
Шара соңында аға буын уәкілдері үміткерлерге ізгі-тілектерін айтып, ақ батасын беріп, алдағы 10 қаңтар күні өтетін сайлауға сәттілік тіледі. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясын қолдайтындарын айтып жеткізді.
