Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КАНВАССИНГ ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА

«Nur Otan» партиясынан Шардара аудандық мәслихатына кандидат болып тіркелгендер бүгін канвассинг шарасы бойынша Ұзын ата ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Мұндағы мақсат – жергілікті халықтың өтініші мен ұсыныстарын тыңдау, түйінді мәселелерді шешуге жәрдем ету.

Аталған жиын барысында кандидаттар партияның мақсаттары мен міндеттерін, сайлауалды бағдарламаларды жете түсіндірді. Өз кезегінде тұрғындар да көкейлерінде жүрген мәселелерді ортаға салды.

Кандидаттар тұрғындардың мәселелерін жазып алып, мүмкіндігінше партия тарапынан шешуге атсалысатындарын жеткізді. Сонымен бірге оларды ертеңгі күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.

Еще по теме

КАНВАССИНГ ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА - Yvision.kz