«Канвассинг» шарасы аясында
«Канвассинг» шарасы аясында "Nur Otan" партиясының партиялық тізімі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Гүлмира Кауденова, Жәнібек ауылының тұрғыны, аудандық мемлекеттік архивінің зейнеткері Галия Туленгалиева және жолдасы Қусайнов Салахаддиннің үйінде болып, сайлауалды кездесу өткізді. Кездесу барысында Г.Кауденова "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасында айқындалған негізгі жеті басымдықтармен таныстырып, алға қойылған міндеттерді атап өтті. Сонымен қатар, Гүлмира Кауденова партия тарапынан атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталып, бүгінгі күнгі қол жетістіктерді саралап берді. Кездесу соңында отбасы мүшелеріне "Nur Otan" партиясының сайлауалды үгіт материалдарын таратылды.

