«Канвассинг» шарасы аясында
«Канвассинг» шарасы аясында "Nur Otan" партиясының партиялық тізімі бойынша облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Есқайыр Елемесов, аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Елтай Әубекеров Ұзынкөл ауылының тұрғыны, тыл ардагері 97 жастағы Жакылбалиева Асекен әженің үйінде болып, сайлауалды кездесу өткізді. Кездесу барысында Е.Елемесов "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасында айқындалған негізгі жеті басымдықтармен таныстырып, алға қойылған міндеттерді атап өтті. Сонымен қатар, Есқайыр Елемесов партия тарапынан атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталып, бүгінгі күнгі қол жетістіктерді саралап берді. Кездесу соңында отбасы мүшелеріне "Nur Otan" партиясының сайлауалды үгіт материалдарын таратылды.

